Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтарда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 30,6 млрд АҚШ долларына дейін 1,1%-ке немесе 334,7 млн АҚШ долларына төмендеді, - деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (58,2 млрд АҚШ долл) қоса алғанда, 2019 жылғы қаңтардың соңында 88,8 млрд АҚШ доллары болды.
Банктердің және басқа да ұйымдардың Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарының төмендеуі, Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен бейтараптандырылды.
Ақша базасы 2019 жылғы қаңтарда 5,0%-ке кеңейді және 6 984,0 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 7 596,7 млрд теңгеге дейін 5,3%-ке кеңейді.
2019 жылғы қаңтарда ақша массасы алдын ала деректер бойынша 2,9%-ке ұлғайып, 21 412,1 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 2 170,0 млрд теңгеге дейін 4,0%-ке төмендеді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024