Алматы. 31 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың 9 айында Қазақстан Ұлттық Банкінің төлем жүйелері арқылы 597,2 трлн теңге сомаға 30,6 млн транзакция өткізілді. Бұл ретте күн сайын ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,3 трлн теңгеге 167,7 мың төлем өтеді, яғни операциялық күндері тәулік сайын 5,4 млрд теңге өтеді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
"Жалпы, 2019 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмыс істеу коэффициенті (банкаралық ақша аудару жүйесі және банкаралық клиринг жүйесі) 99,99% - ды құрады. Бұл белгіленген мақсатты көрсеткіштерден асып, төлем жүйелерінің қызмет етуінің жоғары тиімділігін сипаттайды", - деді Ұлттық Банктің төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.
2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның төлем нарығында барлығы 17 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық банк операторы болып табылатын ұлттық төлем жүйелері және ақша аударымдары жүйелері мен төлем карточкалары жүйелері жататын жеке төлем жүйелері жұмыс істейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024