Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары бір аптада $421,9 млн құрады

Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары бір аптада $421,9 млн құрады

Бұл биржалық сауда-саттықтың жалпы көлемінің 59,2% құрайды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық банкте валюта нарығындағы жағдайға түсініктеме берілді.

«Әлемнің қаржы нарығындағы жағдай әлі де болса құбылмалы болып тұр. Ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу үшін 9 наурызда Қазақстан қор биржасында доллар-теңге жұбы бойынша сауда-саттық Франкфурт аукционына сай өткізілді, оның қорытындысы бойынша Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары 198,9 млн АҚШ долларын немесе бір күнгі сауда-саттықтағы жалпы көлемнің 94,4%-ын құрады», – делінген хабарламада.

Сыртқы күтпеген өзгерістердің ел экономикасына қарай ауысуын болдырмау үшін және ішкі валюта нарығындағы балансты қолдау мақсатында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді. Өткен аптада олардың көлемі 421,9 млн АҚШ долларын немесе биржалық сауда-саттықтың жалпы көлемінің 59,2%-ын құрады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату өткен аптада 240,2 млн АҚШ долларына шықты. Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары мен Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 92,9%-ын құрады.

«Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы санкциялық риторикаға, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты болады. Бұл ретте Ұлттық Банк экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен айырбастау бағамының еркін қалыптасу қағидаттарына бейімділік қажетті талабы болып табылатын инфляциялық таргеттеудің толыққанды режиміне ауысу бойынша жұмысын жалғастыратынын атап өткен жөн», – деді Ұлттық Банкте.

Похожие материалы