Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық қорының активтері биылғы жылдың қаңтар айының соңында 58,2 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың желтоқсанындағыдан 0,9%-ке көп, бірақ 2018 жылдың қаңтарындағы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, төмендеу 1,9%-ті, - деп хабарлайды finprom.kz.
Атап көрсетілгендей, кері динамика 2014 жылдан бастап байқалуда.
Ұлттық банктің алтын валюта қоры 2019 жылдың қаңтар айының соңында өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ке төмендеп, 30,6 млрд долларды құрады.
Өткен жылдың осындай кезеңінде алтын валюта қоры 31,3 доллар болып, бір жыл ішінде 6,7%-ке артқан болатын. Жалпы халықаралық қорлар 88,8 млрд доллар болды.
2019 жылдың қаңтар айының соңында алтын валюта қорының құрылымын құрушылар балансқа жақындады. Яғни алтын валюта қорында айтарлықтай орын алатын ЕАВ-ға салынған активтер бір жылда 14,7%-ке төмендеп, 15,6 млрд долларды немесе 50,9%-ті құрады.
Алтын қорлары бір жылда 14,8%-ке артып, 15 млрд доллар немесе жалпы алтын валюта қорының көлемінен 49,1% болды. 2014 жылдың қаңтарынан бастап монетарлық алтын үлесі 23,7%-тен 49,1%-ке артты. АВҚ-дағы алтын салмағының өсуі валюта бағамының ауытқуын қорғауды қамтамасыз етеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024