Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында қордың инвестициялық табысынан жиналған ақша шотта бала 18 жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл сақталады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, 18 жасқа толған балалардың шотындағы ақшаны доллармен төлеу ұсынылуда.
«Бала он сегіз жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 5-10 жыл сақталады. Осы аралықта ақша қажет болмаса, оны зейнетақы шотына аудару ұсынылып отыр», – деді Темірбеков.
Егер 18 жасқа дейінгі бала шетелге көшіп, Қазақстан азаматтығын өзгертсе, ол Ұлттық қордың ақшасын ала алмайды. Оның қаржысы басқа балалар арасында бөлінеді.
Ал егер азаматтығын өзгертпей, шетелге кетсе, төлем алу құқығы сақталады.
Сондай-ақ азаматтық заңнамаға сәйкес, жиналған қаражатты мұраға беру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Ал бала іс-әрекетке қабілетсіз болса, ата-аналарға, қамқоршыларға заңнамаға сәйкес қаржыны пайдалану құқығы беріледі.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024