Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық ұланның бөлім командирлері тәжиірбелерімен алмасты

Ұлттық ұланның бөлім командирлері тәжиірбелерімен алмасты

Қазақстан Республикасының ұлттық ұланында 2022 жылдың 19 мен 21 шілде аралығында Жетіген кентіндегі 5574 әскери бөлімінде оқу-әдістемелік жиын өтті.

Жиынға өңірлік қолбасшылқтардың басшыларымен, әскери бөлім командирлері және оның тәрбие және әлуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысты. Жиын барысында 25 сабақ өткізілді. Әр сабақта ұлттық ұланның өзекті тақырыптары талқыланып, оның шешу жолдары қарастырылды.Оқу әдістемелік жиынында ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов пен оның орынбасары генерал-майор Бауыржан  Абжанов , материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары генерал-майор Жандос Омаркулов,техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары генерал-майор Константин Воронкин, тәрбие және әлуметтік-құқықтық істер жөніндегі орынбасары полковник Қайрат Үмбетов  жетекшілік етті.

Алғашқы күннен-ақ бөлім командирлері мен орынбасары белсенділік танытып №36 жаттығуды орындады, яғни 1000 м жүгіру. Жаттығу орындау барысында айрықша көзге түскендерде болды. Одан әрі таңғы аспен қуаттаннып алып,екі топқа бөліні «Макаров тапаншасынан»  ату дайындықтарын көрсетті.  Келесіде полковник Ганимат Амиров тәрбие және әлуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларынан «басшылық құжаттарының талаптары» бойынша білімдерін тексерді. Содан кейін «Оңтүстік» өңірлік қол басшысының ТжӘҚЖ орынбасары полковник Ниязтай Алкешев  «бөлім командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасарларның тәрбие және әлуметтік-құқықтық істерді ұйымдастырудағы тәжірбиесі» тақырыбында  нұсқаушы-әдістемелік сабақ өткізді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік даярлау бөлімінің бастығы полковник Радикжан Якубов  төтенше жағдайлар кезінде ұлттық ұлан әскери құрылымдарының қалай жұмыс жасау керектігін практика жүзінде көрсетті.

Офицерлер түскі үзіліске тарап, ары қарай өз білімдерін шыңдауға кірісті. «Орталық» өңірлік қол басшысының ТжӘҚЖ орынбасары полковник Беляков Б.М «тәлімгерлік ұйымдастыру. Офицерлермен келісімшарт бойынша әскери қызметші, қызыметке жаңадан тағайындалған және жас офицерлермен жұмыс формалары мен әдістері. Кадрлар класын кәсіби даярлау» тақырыбында сабақ берді.«Шығыс» өңірлік қол басшысының ТжӘҚЖ орынбасары полковник Тоқтаров Б.С  «бөлімшенің әртүрлі санаттағы әскери қызыметшілерімен жеке оқу-профилактикалық жұмысын ұйымдастыру.Бөлімшелерде әскери тәртіпті бұзудың алдын алу және ТжӘҚЖ бойынша командир бөлім орынбасарының жұмыс жүйесі» тақырыбында сабақ беріп өз тәжиірбесімен бөлісті. «Батыс» өңірлік қол басшысының ТжӘҚЖ орынбасары полковник Алазов Б.М « Әскери бөлімнің және бөлімнің әскери қызыметшілерінің суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша бөлімшелердің лауазымды тұлғаларының жұмысының алгоритімі. 30.10.2019 жылдан № 336 бұйрығын жеткізу және түсіндіру «ҚР ҰҰ әскри қызыметшілер арасында суицидтік көріністердің алдын алу шаралары туралы» өзекті тақырыпта сөз қозғады. Осылай оқу әдістемелік жиынының бірінші күні қортындаланды.

Оқу әдістемелік жиынының екінші күнінде офицерлер кезекті күнді тағы жаттығумен бастады.№3 жаттығуды орындады (кермеге тартылу) бұл жерде де офицерлер өз өнерлерін көрсетті. Атап айта кетелік  5514 әскери бөлімінің командирі подполковник Баланбаев Багитжан  24 рет тартылып басқаларға үлгі болды.

Ұлттық ұлан академисының бастығының  ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары полковник  Нұрбай Бектұрсынов «ҚР ҰҰ академиясына кандидаттарды іріктеу бойынша бөлімше командирі ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасарының азаматтық жастармен  ақпараттық насихатттық жұмысының негізгі нысандары» деген тақырыпта сабақты жалғастырды.

Ары қарай сабақтар өз ретімен өтіп, әр түрлі тақырыртарда пікір таластар болды. Офицерлер өз тәжиірбиелерімен алмасып жатты.

Оқу-әдістемелік жиыннының 2 күнінің екінші жартысында офицерлер  демалып түнгі атыс жаттығуға дайындықты бастап кетті. Ату алаңында офицерлердің қозғалмайтын, оқыс пайда болатын және қозғалатын нысандардан АК-74 қаруымен ату даярлығын тексерді.

3 күні офицерлер қоян-қолтық ұрыс техникасының жалпы кешені бойынша қабілеттіліктерін көрсетті. Одан арғы сабақтардан да  алатын білім мол болды. ҚР ІІМ-нің полиция қызыметкерлері жол-көлік оқиғаларының алу шаралары туралы лекция жүргізді және ҰҰ ел қауіпсіздігін сақтауға үлкен еңбек жасап жатқандығын атап өтті. Келесі дәрісті офицерлерге Басқолбасшының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары генерал-майор Жандос Омаркулов өткізді.

3 күнге созылған оқу-әдістемелік жиын әскери кеңеспен жалғасты. Әскери кеңесті Бас қолбасшы генерал-майор Еркін Ботақанов өткізді. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығын қортындаланып, 2 жарты жылдыққа жаңа тапсырмалар қойылды.

    Курсант Әлішер Аскарбек

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің «Князь Александр Невский атындағы әскери университеті»

Похожие материалы