Степногорск. 30 шілде. 7kun.kz – Степногорскта әскери борышын өтеп жүрген Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
«29 шілдеде сағат 21.00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кетеді. Біршама уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде Оразбайдың асылып тұрғанын көреді», - делінген хабарламада.
Автопарк кезекші қызметі 27 жастағы әскери қызметшіге жедел медициналық көмек көрсетіп, санитарлық көлікпен Степногорск Орталық қалалық ауруханасына апарған. Сол жерде Орталық қалалық ауруханасының дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын растаған.
Оразбай Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың күзінде Жетісу облысының Панфилов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен шақырылған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024