Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылдың 25 тамызындағы Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 359,76 теңгені құрады. 24 тамыздағы таңғы сессиямен салыстырғанда (340,54 теңге / $1) ұлттық валюта долларға шаққанда 0,78 теңгеге қымбаттады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 359,50 теңге, ең жоғары – 360,30 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 359,75 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 32 млн 800 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 58.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 360,5 теңге, Алматыда – 361 теңге.
АҚШ долларына шаққандағы теңгенің ресми бағамы Қазақстандық қор биржасының екі сессияның қорытындысы бойынша бекітіледі.