Астана. 1 маусым. 7kun.kz - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко ЕАЭО елдерін тиімді әріптестікке шақырды деп жазады radiotochka.kz.
«ЕАЭО елдеріне тең жағдай мен кедергісіз кеңістік әлі де құрылмады. Оның үстіне, келісімшартқа қол қойылғаннан кейін біздің ішкі сауда айналымымыз құлдырап жатыр. 2012-2013 жылдары – 65 миллиард доллар, 2015 жылы бар болғаны 45 миллиард доллар болды. Соған қарағанда, келісімшарттағы барлық ұстаным қазіргі экономикадағы жағдай мен болжамымызға сәйкес келіп отырған жоқ», - деді Лукашенко. Президенттің айтуынша, ЕАЭО аясында екіжақты саудадағы шектеулер мен ішкі алымдардан тыйылу қажет. «Біздің бірігуіміз әлі жеткілікті деңгейде өскен жоқ, мұндай алымдар мен шектеулер өзгермеген», - дейді ол. Александр Лукашенко, сонымен бірге, өндіріс, энергетика саласындағы жобаларды іс жүзінде нәтижелі іске асыруға шақырды. «Бірақ концепциялардан оларды жүзеге асыруға дейінгі жол кейде өте ұзаққа созылады. Оған өзіміз кінәлі болып отырмыз. Сондықтан комиссия осы бағыттағы жұмысын күшейтуі қажет, осы жобаларды жүзеге асыру үшін тиімді шараларды қабылдау тиіс», - деді Беларусь Респуликасының президенті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024