Әлем. 6 шілде. 7kun.kz – Беларусь басшысы Александр Лукашенко Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Беларусь президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Кеше беларусь лидері Қазақстанның тұңғыш президентіне жеделхат жолдап, бүгін телефон арқылы сөйлесті. Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайды – Қазақстан мен Беларусь және посткеңестік кеңістіктегі елдер төңірегіндегі ахуалды талқылады», – деп жазылған хабарламада.
Құттықтау жеделхатында Лукашенко Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рөлі туралы айтқан.
«Сіздің есіміңіз егеменді Қазақстанның ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта түрленуімен, оның халықаралық аренада елеулі табыстарға қол жеткізген заманауи мемлекет ретінде қалыптасуымен тығыз байланысты»,– делінген хатта.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024