Беларусь мемлекеті "Шығыс серіктестік" бағдарламасының форматын жалпы саяси мәселелерден гөрі тығыз экономикалық қарым-қатынасқа өзгертуді ұсынып отыр. Бұл жөнінде Белорусь президенті Александр Лукашенко ЕО-ның көршілестікті кеңейту мен саясат жөніндегі комиссар Йоханнес Ханмен келіссөз барысында мәлімдеді.
«Қарапайым саясаттан гөрі нақты әрі тығыз қарым-қатынаста, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталатын бағдарлама болып өзгергенін қалаймын», — дейді Лукашенко.
Мемлекет басшысының айтуынша, "біреуге қарсы емес, керісінше, қызметтестікті дамыту" туралы мәселе қозғалып отыр. Лукашенко бұл жерде Ресей мен Қытайды айтып отырғанын нақтылап кетті. "Біздің аталған шаманы жасап отырған себебіміз бұл емес. Біз еуропалық континентті қауіпсіз етіп, адамдардың өмірін жақсартқымыз келеді"», — дейді саясаткер.
Лукашенко сонымен бірге, Еуропаның шығыс бөлігіндені қауіпсіздік мәселесін де атап өтті. Президент Белорусь мемлекетінің Еуропа аумағына есірткі немесе ядроық заттардың кіргізілмеуін қадағалап отырғандығын айтты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024