Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлыбритания Қазақстанға 12 млрд доллар инвестиция салды

Ұлыбритания Қазақстанға 12 млрд доллар инвестиция салды

Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Қазақстанға 12 млрд доллар инвестиция салды. Британ капиталының қатысуымен Қазақстанда 500 компания жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттер арасында 5 млрд долларды құрайтын келісім-шарттар мен меморандумдарға қол қойылды. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияға сапары кезінде мәлімдеді деп хабарлайды vlast.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н.Назарбаев пен Ұлыбритания премьер министрі Д. Кэмеронның кездесуі барысында Қазақстан мен Британия ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей екіжақты құжаттарға қол қойылды: – Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шарт; – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлыбритания Министрлер кабинетінің Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің  «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы шарт; Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Фото: akorda.kz      

Похожие материалы