Лондон. 8 тамыз. 7kun.kz - Ұлыбритания үкіметі Еуроодақтан шыққаны үшін Лондонның 36 млрд фунт стерлинг (40 млрд еуро) төлеуге дайын деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Британия премьер-министрі Тереза Мэйдің ресми өкілі мәлімдеді.
Deutsche Welle басылымынығ жазуынша, премерь-министрдің есімі аталмаған өкілі "Бұл цифрға келетін болсақ, біз оны мойындамаймыз", - деп атап өтті. Еске салсақ, The Sunday Telegraph Британия үкіметі айналасынағы дереккөзге сілтеме беріп, Лондонның Brexit процедуралары аясында 40 млрд еуро өтемақы төлеуге дайын екенін хабарлаған.
2017 жылдың шілдесінің соңында Лондон мен Брюссельдің Brexit бойынша алғашқы келіссөздері сәтсіз аяқталды. The Sunday Telegraph-тың хабарлауынша, Брюссель өтемақы мөлшерін 60 млрд еуро деп отыр. Ал Лондон үшін 30 млрд еуроның өзі біршама сома екен. Еске салсақ, Біріккен Корольдіктің Еуроодақ құрамына кетуі туралы референдум 2016 жылдың маусымында болды. 2017 жылдың 29 наурызында Ұлыбритания Еуроодақтан шығуға ресми түрде өтінім білдірді. Болжам бойынша бұл процесс кем дегенде 2 жылға созылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024