Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлытау облысында күдіктілерден 83 қап алтын кені тәркіленді

Ұлытау облысында күдіктілерден 83 қап алтын кені тәркіленді

Ұлытау облысы. 22 қараша. 7kun.kz – Ұлытауда алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқан күдікті топ ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Полиция мәліметінше, 17 қарашада полицейлер карьерлердің бірінің аумағында жедел іс-шаралар жүргізді. Олар алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқан 30 және 41 жастағы жеті ер адамды ұстады.

Оқиға орнынан экскаватор, су айдауға арналған құбырлар мен шлангтар, бір бөшке жанармай және 83 қап алтын кені тәркіленді.  

«Одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы қылмысты ұйымдастыруға қатысы бар күдіктілерді – екі жол талғамайтын көлікпен жүрген 23 және 34 жастағы екі ер адамды ұстады. Бірінші көлікті тексеру барысында бес патрондары бар тапанша табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тапанша атуға жарамды болып табылды. Екінші көліктен полицейлер үш патронмен бірге травматикалық тапанша тапты. Сараптама қорытындысы бойынша қару атуға жарамды», – делінген хабарламада.

Қазір ҚР ҚК-нің 334-бабы және 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Похожие материалы