Экономика
Мәдениет министрі интернетте жарияланған аудиожазбаға қатысты түсініктеме берді
Парламенттің кезекті сессиясының отырысынан кейін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерге Қазақ хандығы туралы сериалдың түсірілімі талқыланған аудиожазбаға қатысты түсініктеме берді.
"Ол жерде ашық әңгіме болды. Бастысы, бізге түсірілімді жалғастыру қажет еді. Өздеріңіз білесіздер, оған дейін қаржы жұмалып кетті, фильм тоқтап қалуы мүмкін деп хабарланды. Шын мәнінде, сіздер куә болғандай, ақша кедергімен жіберіліп отырды. Мен, керісінше, техникалық кедергі болмауын, себебі неде екендігін анықтауға тырыстым. Біз осы сұрақты шештік", - деп түсіндірді А.Мұхамедиұлы. Оның сөзінше, қазіргі уақытта фильм түсірілімі жалғасып жатыр.
"Бұл өте қызықты жоба болады, барлығымыз асығып отырмыз. Мен басты режиссердің өз туғандарын түсіруіне қарсымын. Сондықтан ашық түрде мұны тоқтату керек дедім. Егер адам шын мәнінде талантты болса, онда жол ашық. Ал жай ғана өз адамдарын түсіруге қарсымын", - деп қорытындылады мәдениет министрі.
Еске салайық, Қазақ хандығы туралы сериалдың түсірілімі талқыланған аудиожазба өткен аптада интернетте жарық көрді. Киностудия өкілдері қаражаттың аз екенін, құжаттардың әлі дайын еместігін, мұның салдарынан үлкен көлемдегі қаражаттың киностудияға жетпей отырғанын айтып шағымданады. Өз кезегінде Арыстанбек Мұхамедиұлының даусына ұқсас адам бұл мәселе туралы баспасөз мәслихатын өткізу керектігін ұсынады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024