Экономика
Мүгедек жандар үшін қолайлы ортаны қалыптастыру үшін 10 миллиард теңге бөлінеді
2015-2018 жылдар аралығында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін нысандар мен қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатындағы шараларға 9 млрд 998,7 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. "Бюджеттен қарастырылып отырған қаражат ең бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі жандарға гигиеналық-техникалық құралдар ұсыну мен қызметтер көрсету стандарттарын жақсартуға бағытталады. Бізде бұл стандарттар саны мүлдем төмен болатын және соған орай қоғамдық бірлестіктер тарапынан осы бағытта көптеген өтініштер түсті. Сонымен қатар, біз бұған дейін оларға айлық қамтамасыз ету шараларын ұсынып келген болатынбыз, енді бұл жылдық қамтамасыз етуге алмастырылады", - деді Т.Дүйсенова. Министрдің айтуынша, алдағы уақытта еліміздегі кохлеарлы имплантант алған балалардың есту-сөйлеу процессорын ауыстыру үшін 1,5 млрд теңге жұмсалады. "Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау Қазақстандағы 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектелген азаматтардың жағдайын, құқықтарын жасартуды қамтамасыз ететіні сөзсіз. Мүгедектерді әлеуметтік қолдауды одан әрі жетілдіру Елбасының Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына енуі жағдайында жалпы әлеуметтік экономика стандарттарын енгізу туралы тапсырмасын іске асыруға мүмкіндік береді", - деп түйіндеді Т. Дүйсенова.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024