Бізде мынадай мәселе. Сіңлім бизнеспен айналысамын деп нешетүрлі істі бастап көрді. Өзі жап-жас. Былай талабы бар, іскер-ақ. Бірақ көбіне тауы шағыла берді.
Бұл да бізге берген Құдайдың сынағы шығар. Осы уақытқа дейін яғни, кішкене кезімізден ақшадан қатты тарылып көрмедік. Керегімізді ата-анамыз тауып беріп, балалық шағымыздың бақытты өтуіне барынша жағдай жасады. Сонымен біздегі ситуацияның жайы былай. Жаңадан ашылған тұрғын-үй кешенінде дүкен ашамын деп сіңлім банктен 4 000 000 теңге несие алған болатын. Қашан ашылғаны белгісіз сол тұрғын үйде азық-түлік дүкендері қаптап кетіпті. Ұсыныс көп болған жерде, сұраныстың жайы да жақсы болмасы анық. Азын-аулақ тапқан табысыңа тағы да азық-түлік аласың, ақыры несиесі толық жабылмай кетті. Сіңлім банктен қарыз аларда автокөлікті кепілдікке қойған болатын. Қазіргі уақытта қарыздың мерзімі өтіп кетті. Сонымен қатар борышты өтеу туралы соттың 2014 жылғы шешімі бар, яғни, соманың көлемі белгіленген және тұрақсыздық айыбы есептелмеген. Соттың шешімі ішінара орындалды. 2015 жылдан бері борышкер еш жерде жұмыс істемейді және қарызды төлеген жоқ. Онымен қоса, қарызды жабу үшін 2014 жылдың қазан айында қарыз алушы кепілдіктегі мүлікті (автомобиль) өз еркімен банкке берді. Мүлікті бағалап, оның құжатын да банкке ұсынды. Қабылдау-беру актісі қолында. Банк мүлікті қабылдап алып, әрі қарай жүзеге асыру үшін ешқандай әрекет етпеді. Мүлікті балансқа алу туралы сұранысынан бас тартты. Осы уақыт аралығында көліктердің құны қатты түсіп кетті. Мүлікті банкке берген кезде оның құны 5 000 000 теңгеге жуық болған еді. Ал, қазіргі уақытта бұған 3 900 000 теңгеден артық бағаны ешкім ұсынбайды. Сонымен қатар, машинаның тұрғанына 2,5 жылға жуықтап қалғандықтан оның техникалық жағдайы да төмендеп кетті. Енді сұрақ: қалай ойлайсыздар, ҚР Азаматтық Кодексінің 366 бабы негізінде көлікті 2014 жылғы құны бойынша қабылдау туралы талап арыз берсем оның болашағы қалай болар екен? Сотта жеңіп шыға аламын ба?
Алма ҚУАНЫШОВА,
Алматы
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024