Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz — Мұнай өндіруші мемлекеттердің өндіріс көлемін азайтқаны туралы жариялағанына қарамастан, Brent маркалы мұнай 53 долларға дейін арзандап кетті деп хабарлайды LS.
2017 жылдың басынан бері мұнайдың бағасы алғаш рет 54 доллардан төмендеп, барреліне 53,7 долларды құрады. Соңғы рет мұндай баға 2016 жылдың 7 желтоқсанында болған еді. Бағаның төмендеуі АҚШ пен Ираннан жеткізілетін мұнай көлемінің артуына байланысты. Бұл, мамандардың пікірінше, мұнай өндірісін төмендетуге тырысып жатқан ОПЕК және басқа да мемлекеттердің еңбегін зая етті. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Сауд Арабиясы, БАӘ, Ресей, Кувейт, Катар мен Ирак пен ОПЕК елдері мұнай алуды 60-70 пайызға қысқартқанын хабарлаған еді. Қазақстан да өндірісті күніне 20 мың баррельге дейін азайтқанын жариялаған. ОПЕК 30 қарашада мұнай өндірісін тәулігіне 1,2 млн баррельге, ал күніне 32,5 млн барельге дейін қысқартуға бірауыздан шешім шығарған болатын. Ал 10 желтоқсанда Қазақстан мен Ресей және картельге мүше емес өзге елдер күніне 600 мың баррельге дейін ғана мұнай өндіруге келіскен еді.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024