Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz - Америкалық Morgan Stanley компаниясы Brent маркалы мұнайдың бір барреліне 90 долларға жетуін күтуде, деп хабарлайды «Коммерсант».
Басылымда айтылғандай, өсім кеме жанармайына қойылатын талаптарды өзгертуге байланысты болады.
«Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) кемедегі отынның барынша күкірт көлемін қазіргі 3,5%-дан 0,5%-ға дейін төмендетуді, ауаның ластануына қарсы шараларды қолдануды талап етті. Ереже 2020 жылдың қаңтарында күшіне енуі тиіс», - деді ұйымда.
Morgan Stanley сарапшыларының пікірінше, жаңа ережелерге байланысты орта айданды отынның, соның ішінде теңіз дизельдерінің кейбір түрлеріне сұраныс артады. Бұл тұтастай мұнай бағасының жоғары болуына әкеледі.
Bank of America Corp. компаниясының талдаушылары болашақта мұнай бағасы бір барреліне 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін деп болжайды.
17 мамырдағы The Ice мәліметі бойынша, Brent маркалы мұнайдың құны Астана уақытымен 9.30-да барреліне 79,39 долларға қымбаттады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024