Мұнай бағамдары дүйсенбі күні сауданың қатарынан үшінші күні өсіп келеді, себебі инвесторлар Иранмен арадағы ядролық бағдарлама бойынша елдер ымыраға келеді дегенге күмән келтіруде деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Brent мұнайының мамыр айына арналған фьючерстері ICE Futures Лондон биржасында 18:26 АСТ 0,73 долларға, барреліне 58,6 долларға дейін өсті.
WTI мұнайының мамыр айына арналған фьючерсінің бағасы Нью-йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық саудасында осы уақытта 0,85 долларға, барреліне 52,49 долларға дейін артты.
Белгілі болғандай, дүйсенбі күні АҚШ мемлекет хатшысы Джон Керри, қаржы министрі Джейкоб Лью және энергетика министрі Эрнест Мониц АҚШ Конгресінің төменгі палатасының, Өкілдер палатасының өкілдерімен Иран мәселесі бойынша жабық кездесу өткізген-тін. Сейсенбі күні Сенат өкілдерімен кездеседі.
Американың заң шығарушылары заң қабылдамақ, ол заңға сәйкес Конгреске Иранмен арадағы келісімнің соңғы мәтінін қарастыру үшін 60 күн беріледі.
Алдында Иран мен халықаралық "алтылық" арасында ядролық құжаттама бойынша жұмысты аяқтауға қатысты мәмілелер туралы жазған едік.
"Ағымдағы жылы Иран мұнайы нарыққа елеулі көлемде келіп түседі деп ойламаймын. Келіссөздердің қанша қатысушысы болса, келісім нұсқаларының саны да соншалықты, алдымен тараптарға негізгі қарама-қайшылықтарды жойып алу қажет", - деді Saxo Bank аналитигі Оле Хансен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024