
2015 жылдың бірінші тоқсанында 17,015 млн тонна шикі мұнай мен 3,322 млн тонна газ конденсаты өндірілді. Бұл өткен жылғы дәл осындай есептік кезең көрсеткішіне қарағанда 0,3% және 4,3%-ға артық деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Бұған 5,700 млрд текше метр көлемінде (4,9%-ға өсім) өндірілген табиғи газ да кіреді. Мұнайдың ілеспе газын өндіру 6,114 млрд текше метрді құраған (13,8%-ға артық).