Экономика
Мұнайдың бағасы өсті
Алматы. 29 маусым. 7kun.kz - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Baq.kz.
Сауда қорытындысы бойынша, тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны Лондонның ICE Futures биржасында 0,23 долларға өсіп, барреліне 77,85 долларды құрады.
WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны тамыз айындағы жеткізілім бойынша, Нью-Йорктің тауар биржасында (NYMEX) 0,69 долларға өсіп, барреліне 73,45 долларды құрады.