Алматы. 12 қазан. 7kun.kz — Танымал бизнесмен, «Қазстройстекло» зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди 3 жылға сотталды деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.
«Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында М.Тоқмәдиге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігінің 2-бөлігі, 287-бабының 3-бөлігі, 287-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген айыппен келісім өндірісінде ашық сот отырысы өтті», — делінген хабарламада.
Сот отырысының барысында сотталушы М.Тоқмәди мен процесстік прокурордың арасында айыпты мойындау туралы келісім болды. Процесстік келісім бойынша сотталушы айыптаумен дауласпай, айыпты бекітуге келісім берді.
Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздік инспекциясында қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді.
Сондай-ақ, үкімнің заңды күшіне енбегені айтылады.
Еске салсақ, Алматыда арнайы қызмет өкілдері «Қазстройстекло» компаниясының зауытында тінту жүргізілген болатын. Іс материалдарына сәйкес, М.Тоқмәди 2005 жылдан бері қылмыстық топ құрып, «Қазстройстекло», «Семрюжком» ЖШС еншілес құрылтайшысын қорқытып-үркітіп, аталған кәсіпорындардағы жарғылық капиталдың үлесін тартып алған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024