Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған адам Мәскеуде ұсталды

Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған адам Мәскеуде  ұсталды

Алматы.13 ақпан. 7kun.kz — Questra World, A.G.A.M., Forex Trend, Panteon Finance жобаларын құрушы Павел Крымов Мәскеуде ұсталды, деп хабарлады Lenta.ru.

Questra World ісі Қазақстанда қаржылық пирамида болып танылады.

Сондай-ақ, РФ-ның құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, Крымов 2018 жылдың 6 ақпанында Шереметьевода тұтқындалған. Оның жеке құжаттарын тексеру барысында, Ресей билік өкілдері оның Қазақстанның криминалды полицейлері тарапынан іздестірілуде екенін айтады. Қазақстан полиция қызметкерлері әріптестерін кәсіпкер туралы хабардар етіп, тұтқындау керектігін жеткізген. Крымовты тұтқындаудың бірден-бір себебі осы.

Зардап шеккендердің айтуы бойынша, соңғы жылдары өзінің жобалары арқасында ол 30 млн доллар табыс тапқан. Қазақстаннан бөлек, Крымов Украина мен Беларус аймағында да жұмысын істеген.

Дәл қазіргі уақытта алаяқтық ісі бойынша айыпталып отырған күдікті Мәскеу қаласында 17 наурызға дейін тұтқында болады. Жоғарыда айтылған мерзім аяқталғанға дейін, Крымов Қазақстандағы сот ісі бойынша Алматыға ауыстырылады.

Сонымен бірге, Алматының ІІД хабарлауынша, Крымовқа байланысты бірнеше іс жүргізілетін болады. Ол ірі деп танылған алаяқтық жасады деп күдіктеледі. Зардап шеккендердің саны 5 адамға жетті. Сол адамдардың қайсысы болсын алдын-ала жоспарланған алаяқтық кесірінен үлкен қаражатынан айырып қалып отыр. Алаяқтыққа соқтығысқан құрбандардың бірінің айтуынша, Крымов алдап-сұлдап 23,5 мың доллар еншілеп алған. Questra World пен Global Asset Management-ке ақша салғызып, артынша үштүгейлі жоқ болып кеткен. Енді бір зардап шегушінің айтуынша, ол 75 мың долларды жымқырып кеткен.

Айта кетейік, Қызылорда облысы прокуратурасының мәліметіне сәйкес, қазақстандықтар Questra Holdings-ке қатысу үшін пәтерлерін сата бастаған. Бұдан бөлек, мемлекеттік кіріс комитетінде Questra-ға қатысты қылмыстық іс ашылды. Астана ІІД да өз кезегінде, қаржылық пирамидаға қатысы бар компанияларды тізімін ұсынды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы