
Мәскеу. 30 мамыр. 7kun.kz - Қайтыс болған адамдардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек те бар. Жалпы дауыл дәрігерлердің көмегіне жүгінген адамдардың саны 170-ке жеткен, деп хабарлайды ТАСС.

Қалалық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Алексей Хрипунның айтуынша, дәрігердердің көмегіне 168 адам жүгінген. Олардың арасындағы 146 адам барлығы 15 ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің көбінің жағдайы бірқалыпты болғанмен, 8 адамның жағдайы ауыр.
Мәскеу қаласында найзағайлы қатты нөсер жауын 29 мамыр түстен кейін басталған. Ол артынша қатты дауылға айналып, бірқатар ағаштардың құлауына әкеп соққан. Тіпті, көшедегі қоғамдық көліктерге арналған аялдаманы жұлып әкеткен.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025