Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәскеудегі шеруде «Армата» танкісі көрсетілді

Мәскеудегі шеруде «Армата» танкісі көрсетілді

Мәскеудегі Жеңіс мерекесінің 70 жылдығына арналған әскери шеруде "Армата" платформасында жасалған Т-14 танкісі тұңғыш рет көрсетілді.

Ресейлік БАҚ-ының көпшілігі Арматаның көрсетілуін осы жолғы әскери шерудің басты жаңалығының бірі ретінде бағалады.

Бұл танктің басты ерекшелігі - экипаждың барлық мүшесі танк корпусының алдыңғы, "каспула" аталып кеткен бөлігінде отырады. Мұның ерекшелігі экпиаж танкке оқ тиіп, өрт болған жағдайда  ашылып, түсіп қалады. Әрі танкистер ортаңғы бөлікте орналасқан  қару-жарақ бөлімінен бөлек отырады. Бұл бұған дейінгі танктердің бірде-бірінде болмаған.  Ресейлік БАҚ "Арматаны" танкілер әлеміндегі төікеріс деп бағалауда.

Әскери шеруден кейін жаңа танк әскери бөлімдерге сынаққа жіберілмек. Ал, жаппай қолданысқа 2020 жылы ғана беріле бастамақ. РФ Қорғаныс министрлігі қазірдің өзінде 2300 дана осындай танкке тапсырыс берген. Бұл арқылы Кеңес өкіметінен қалған ескі техникаларды алмастырмақ.

Алайда бұл танкіге қатысты дау да көп. Оның бірі әскери шеруге дайындық кезінде, тура мавзолейдің алдына келгенде "Армата" өшіп қалған еді. Оны сүйгеруге басқа техника жіберілгенмен,  орнынан қозғалта алмаған. Осылайша БАҚ "супер танк" деп бағалаған "Армата" дайындық біткенше алаңда қаңтарылып тұрды. Кейін танкті жасаған УВЗ өкілі Алексей Жарич әлеуметтік желі арқылы оның қозғалыссыз тұруы әдейі жасалған шара, бұзылған жоқ, деп мәлімдеді.

"Арматаға" қатысты тағы бір шу "Альфа-банк" танкті шығарушы Урал вагон зауытын өтелмеген 6 млрд. рубль және оның еншілес компаниясы "ЧТЗ-Уралтрактың" айтарылмаған несиесі үшін сотқа беріп, банкрот деп тануды сұраған болатын.

Жақында Wall Street Journal ресейлік Қорғаныс министрлігі бұған дейін берілген тапсырыс мөлшерін азайтты деген ақпарат таратқан болатын. Егер бұл ақпарат расқа айналса, бұл танктің тағдыры бұлығыр болуы мүмкін. Өйткені қазіргі кезде компания мемлекеттік тапсырыс пен оның көмегі арқылы несиеге қатысты мәселесін шешіп, өндірісті жандандырмақшы.

Бүгінгі шеру барысында "Арматадан" бөлек, өздігінен жүретін «Коалиция-СВ» артеллериялық қондырғысы,  «Корнет-Д» танкіге қарсы жылжымалы ракета кешені, жаяу әскердің  «Курганец-25» әскери көлігі мен «Курганец-25» брондалған көлігі  де алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылды.

Похожие материалы