Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

М.Әуезов университеті жеңіс күніне орай бірнеше мерекелік патриоттық іс-шара өткізді

М.Әуезов университеті жеңіс күніне орай бірнеше мерекелік патриоттық іс-шара өткізді

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бірқатар мерекелік іс-шара өтті.
Соның бірі «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу.

Республика бойынша бір уақытта басталған жалпыұлттық диктантқа Әуезов университетінің студенттері мен профессор-оқытушылары қатысты. Республикалық патриоттық диктантта қазақ елінің басты құндылығы – Тәуелсіздік дәріптеліп, ұрпаққа мирас болып қалған киелі жерлер жайында айтылады. Сонымен қатар көп тілді меңгерген білімді, заманауи жастармен ел болашағының жарқын екендігі баяндалады.

Б.Момышұлы жайында қойылым

Бірнеше күнге созылған мерекеде университет студенттері Сайрам Ұлттық театрының аты аңызға айналған Б.Момышұлының ерлігі мен қайсарлығы және Ұлы Отан соғысының қасіретінен сыр шертетін танымдық қойылымын да тамашалады. Бұл қойылымның басты мақсаты тәуелсіздік пен бостандық үшін сұрапыл соғыста жанын қиған ерлерді естен шығармай, жастардың оларға деген құрметтін арттыру.

Ал, «Елін қорғау - Ерге серт!» атты салтанатты іс-шараның мақсаты - туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымыздың ерліктерін еске алу және бейбіт өмір сақшыларын құрметтеу. Шарада биыл М.Әуезов атындағы ОҚУ Әскери кафедрасының құрылғанына 60 жыл толуына орай кафедра қызметкерлері марапатталды.

Спорттық жарыстар

Сондай-ақ, М.Әуезов университетінің студенттері Ұлы жеңіс күніне арналған "Отан қорғаушы" тақырыбында Әскери- патриоттық жарыста бақ сынады. Спорттың 7 түрінен ұйымдастырылған дода өте қызықты әрі тартысты өтті. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Похожие материалы