Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz — Шымкент қаласының әкімдігі «Мұз сарайының» 67 пайызын сатты. Сатып алушыға спорт кешені 128 миллион теңгеге түсті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Мұз сарайы" кешенін "МұнайҚұрылысСервис" ЖШС сатып алды. Осы ұйымның иесі Шымкенттің танымал бизнесмені - Серікжан Сейітжанов.
Обьектінің қалған 33 пайызы жекеменшік "САУТС-ОЙЛ" ЖШС үлесінде қала береді. Мемлекетке үлкен спорт кешенін қамтамасыз ету оңайға соқпай тұрған көрінеді. Соңғы үш жылда нысан 40 миллион теңге шамасында шығынға шыққан. Бұл жағдайды коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуімен байланыстырып отыр.
Айта кетейік, мұз сарайында хоккей, мәнерлеп сырғанау, шор-трек секілді қыстық ойын түрлеріне дайындайтын секциялар жұмыс істейді. Одан басқа, мұз айдыны, үстел теннисі залдары спорт мектептері мен жекелеген азаматтарға жалға беріледі.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024