Астана. 30 қараша. 7kun.kz - ҚР Парламент Мәжілісі пленарлық отырыс кезінде «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады. Құжатты ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов таныстырды.
Оның айтуынша, Қазақстанда дактилоскопиялық тіркеуді енгізу қажеттілігі, ең алдымен, халықаралық практика мен халықаралық стандарттарға байланысты.
«12-16 жастағы балалар төлқұжат алу кезінде олардың келісімімен ғана дактилоскопияланады. 12 жастан кіші балалар тіркеуге жатпайды. Шетел азаматтары ішінен міндетті дактилоскопиялық тіркеуге, біріншіден, біздің заңнаманы бұзған және ел аумағынан шығаруға жататын адамдар, екіншіден, Қазақстанға кіру үшін визалар алатын шетелдіктер жатады. Сондай-ақ, дактилоскопиялық тіркеу ҚР-да тұруға ниетті, босқын куәлігін алуға үміткер шетелдіктерге де қатысты болады. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау ішкі істер органдарына жүктеледі. Барлық ақпарат ІІМ-нің қорғалған дерекқорында сақталады, бұл рұқсатсыз және заңсыз пайдалануға жол бермейді», - деп атап өтті ол.
Министрдің сөзінше, заң жобасын жүзеге асыру үшін көп шығын кетеді және техникалық жағынан күрделі жұмыс, сондықтан оны қолданысқа енгізу 2021 жылға жоспарланған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024