Шымкент. 2 мамыр. 7kun.kz - Мақтарал ауданы, Ералиев ауылдық округінде «Хаят Р.У.Ж.» ЖШС аяқ киім фабрикасы Түркиядан алып келген жаңа қондырғыны іске қосты. Нәтижесінде фабрика өнімін 2 есе арттырып, жылына 1 миллион жұп жаздық және қыстық аяқкиімдер шығаратын болады. Бұл туралы ОҚО баспасөз қызметі хабарлады.
Келешекте кәсіпорын импорт орнын басып, Қазақстан нарығын сапалы аяқ киіммен қамтуды жоспарлап отыр.
«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 кезеңде іске асырылған жобаға 675 млн теңге инвестиция тартылған. 2014 жылдың соңында алғашқы кезеңде 36 адам жұмыспен қамтылып, Қытай технологиясы бойынша қысқы аяқ киімдер шығарыла бастаған.
Ал, жобаның 2-ші желісін іске қосу үшін «Оңтүстік» АИО-нан 100 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржыға Түркиядан аяқ киім тігетін жаңа қондырғы сатып алынды. Нәтижесінде кәсіпорынға 50 адамды жұмыспен қамтып, межеленген 1 миллион жұп жазғы және қысқы аяқ киім өндіру мүмкіндігі туды.
«Аяқ киім фабрикасының барлық инфрақұрылымдық жүйелері «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында іске асты. Сондай-ақ құрылысқа қажетті қаражатты облысымыздағы инвестициялық құрылымдар беріп отыр. Ендігі мәселе – тыңғылықты жұмыс істеп, ауданның экономикасына үлес қосу. Кәсіпорын басшылары егер сұраныс артса, фабрикамызды ұлғайтамыз деп отыр», - дейді Мақтаарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов.
Оның айтуынша, мұндағы қазіргі сұранысқа ие жазғы аяқ киімнің бағасы – 260-280 теңгеден босатылып жатыр. Негізгі нарық - Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласы. Жазғы кебістердің сапасы да жаман емес. Сұраныс күн санап артып отыр
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024