Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев аймақтың мұнай компаниялары үшін салық жүктемесін қысқартуды ұсынып отыр деп хабарлайды Mangystau online ақпараттық орталығы.
"Біз аймақтың мұнай компаниялары үшін салық жүктемесін барынша төмендетуге қатысты қолдау көрсетуіңізді сұраймыз", - деп мәлімдеді А.Айдарбаев сейсенбі күні өткен кеңес барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) президиумының төрағасы Тимур Кулибаевқа айтқан сөзінде.
Оның пікірінше, экспорттық кеден бажының (ЭКБ) мөлшерлемесі нөлдік деңгейде болған жағдайда ғана мұнай компаниялар ағымдағы жылдың аяғына дейін операциялық қызметті, жұмыс орындарын және жасалынған ұжымдық шрттар бойынша еңбекақы қорын сақтай алады. Сонымен қатар ол үкіметтің осы жылдың наурызынан бастап ЭТБ мөлшерлемелерін $80-дан $60 дейін төмендету туралы шешімі компаниялардың зиянсыздық нүктесіне шығуына мүмкіндік бермейді деп есептейді.
"Сервистік компаниялар қызметкерлерге штаттың мүмкін қысқаруы туралы ескертулерді білдіріп жатыр. Осылайша, мөлшерлеменің осындай қысқаруы сезілетіндей әсер бермейді. Және бүгінгі таңда компаниялардың барлығы ЭТБ мөлшерлемесін нөлге дейін төмендету қажетілігі туралы ұсыныстарын айтып жатыр", - деді А.Айдрбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024