Алматы. 3 қараша. 7kun.kz - Маңғыстауда Өрлеу пилотты жобасы басталғаннан бері аймақта 4400-ге жуық адам қатысқан. Олардың 60 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды деп хабарлайды Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрлеу жобасы – бұл әлеуметтік келісімшарт жасасқан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімделу шараларына қатысқан жағдайда аз қамтылған азаматтарға және отбасыларға шартты ақшалай көмекті ұсынуды көздейтін пилоттық бағдарлама.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Өрлеу жобасын одан әрі жүзеге асыру мақсатында 50 маман оқытылып жатыр. Даярлықтан өткен соң олардың барлығы жұмыспен қамту орталықтарының штатына қабылданады.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіледі. Бағдарламаға күнкөріс деңгейі төмен азаматтар қатысады.
Бұған дейін Маңғыстау облысында ресми іс-сапармен Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев келіп, жергілікті кәсіпкерлермен кездескен еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024