Қазкоммеркцбанк төрағасы Мағжан Әуезов енді Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығын (ҚҚҚ) басқаратын болды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады. Мағжан Әуезов жаңа қызметке 15 сәуірден бастап кіріседі.
11 сәуір күні өткен Қауымдастықтың жалпы жиналысында жаңа төрағаның кандитатурасына ведомство мүшелерінің көпшілігі дауыс берген.
Сондай-ақ, жиналыс барысында Қауымдастық Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес, басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚҚҚ басқарма төрағасы мен ҚҚҚ кеңесі төрағасының өкілеттігі біріктіріледі. Сондықтан "Халық банк" басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың ұсынысымен Серік Аханов ҚҚҚ-ның құрметті төрағасы ретінде ұйымда жұмысын жалғастыратын болады.
Осылайша жиналысқа қатысушылар Мағжан Әуезовке алдағы екі айда Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығын дамытудың жаңа бағдарламасын ұсынуды тапсырды.
Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығының құрамына банктер, сақтандыру компаниялары, құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, микроқаржы ұйымдарын қоса есептегенде жалпы 184 ұйым кіреді.
Айта кетейік, бұған дейін Мағжан Әуезовтың ҚҚҚ басшысы болып тағайындалса, Қазком төрағалығынан кетіп, директорлар кеңесі құрамынан шығатыны туралы айтылған болатын. Ал Қазком төрағасының міндетін уақытша банктің басқарма директоры Әділ Батырбеков атқарады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024