Қазкоммерцбанктің басқарма төрағасы Мағжан Әуезов банк ұжымына басшылық қызметінен кетуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 наурыз күні Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) отырысы болып өткен. Отырыс барысында белгілі болғандай, келесі 11 сәуірде болатын ҚҚҚ-ның жалпы отырысында қауымдастық кеңесінің төрағалығына Мағжан Әуезовтың кандидатурасы ұсынылады.
"Бұл туралы Мағжан Әуезовтың өзі мәлімдеді. Егер 11 сәуір күні ол ҚҚҚ басшысы болып тағайындалса, Қазком төрағалығынан кетеді және директорлар кеңесі құрамынан шығады", - деп түсіндірді банктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Қазком төрағасының міндетін уақытша банктің басқарма директоры Әділ Батырбеков атқарады.
"Әзірге Мағжан Әуезов Қазкомдағы жетекшілігін жалғастыра береді. Алдағы уақытта жағдайға байланысты нақты жауап болады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Мағжан Әуезов ҚКБ-ның басқарма төрағасы қызметіне 2015 жылдың 31 наурызында тағайындалған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024