Қазкоммерцбанктың басқарма төрағасының уақытша қызметін атқарушы ретінде Әділ Батырбеков тағайындалды деп хабарлайды банктың баспасөз қызметі.
Мағжан Әуезов Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалуына байланысты Қазкоммерцбанк директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы, сондай-ақ "Қазкоммерц Полис" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен кетті. Қазкоммерцбанктың басқарма төрағасы ретінде банктың директорлар кеңесінің төрағасы Марк Хольцман болуы мүмкін. Ал директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне Кеңес Рақышевтың кандидатурасы ұсынылады. Кадрлық өзгеріске қатысты шешімдер мамырдағы акционерлердің кезектен тыс жиналысынан кейін қабылданады. Қазкоммерцбанк 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы 35 банктер арасында актив көлемі жөнінен 1-орынға ие болды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024