Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — Қала құрылысы кеңесі отырысында Астанада тағы бір «Magnum» сауда кешенінің құрылысын салу мәселесі қарастырылды. Бұл туралы Elorda Info хабарлады.
«Magnum» сауда желісі Астана қаласының дамушы аймағында сауда орталығының құрылысын көтеруге қызығушылық танытып отыр», - деп мәлімдеді «Астана» ӘКК »ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Құрылыс жұмыстарын көктемде бастап, 2018 жылдың желтоқсанында супермаркет ашу жоспарланып отыр. Осыған орай Астана қаласының әкімі Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасына қалалық кеңестің кезекті отырысына дейін құрылыс салатын жер телімін анықтауды тапсырды. Әсет Исекешев бұл жобаның маңыздылығын айтып, әсіресе жаңа аудандарда осындай сауда бөлшектерінің қажет екенін атап өтті.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, қазіргі кезде қалада 34 сауда ойын-сауық орталығы, 62 супермаркет, 1 гипермаркет, 25 базар бар. Олардың көпшілігі оң жақ жағалауда шоғырланған. Сол себепті бұл көлік кептелісі орын алып, көлік ағындарына үлкен жүктеме жасайды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024