Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – 13 қыркүйекте Алматыдағы Promenade сауда орталығында жаңа форматтағы супермаркет – Magnum Super ашылады. Бұл туралы компания хабарлады.
Компанияда атап өткендей, супермаркеттің жаңа форматы – «Magnum 2.0.» желісін дамыту тұжырымдамасының бір бөлігі. Тұжырымдаманы Еуропаның ірі ретейлерлері үшін шешімдер жасауға мамандандырылған голландиялық JDV компаниясы әзірледі. Ресейде JDV Globus, «Магнит», «Перекрёсток» супермаркеттерінің желілері үшін жұмыс істеді.
«Дүкендердің дизайны мен архитектурасы ғана емес, жалпы оның тұжырымдамасы да өзгереді. Ең бастысы - клиенттер үшін барынша қолайлы жағдай жасау, бұл жалпы біздің саясатқа сәйкес келеді», - деп атап өтті «Magnum cash&carry» ЖШС дамыту жөніндегі директоры Сергей Сыромолотов.
Компания үш форматтағы дамуды жалғастырады: шағын (Magnum Express), орташа (қазір бұл Magnum Atak, ал жаңа тұжырымдамада Magnum Super болады) және ірі (қазір – Cash&Carry, Magnum болады).
Magnum 2.0. сауда залында өнімдерді сақтауға арналған сөрелердің болмауын (әрбір дүкенде жаңа сәулет бойынша өзінің жеке қоймасы болады), сауда залының ішінде Magnum-кафенің ірі және орта форматтағы дүкендерде болуын және 2019-ның соңына дейін өзіне-өзі қызмет көрсету кассаларын ұйымдастыруды білдіреді.
Компанияның айтуынша, баға саясаты бұрынғыдай қалады.
Сондай-ақ, компания Magnum 2.0-де Fresh (көкөністер мен жемістерден сүт өнімдеріне дейін) санатындағы тауарлардың артуы және міндетті түрде фермерлік тауарлар бөлімі деп болжап отыр.
Жаңа форматтағы және тұжырымдамадағы алғашқы дүкендер Алматыда: Promenade-да, содан кейін 14 қыркүйекте Mart ОСО-да ашылады. Жыл соңына дейін Алматыда, Нұр-Сұлтан және Шымкентте тағы 8 сауда кешенін ашу жоспарлануда; сондай-ақ елордада Орталық Азиядағы ірі азық-түлік гипермаркеті салынуда.
Жобаны сынақтан өткізгеннен кейін, барлық жаңа Magnum сауда орталықтары жаңа тұжырымдамамен ашылады, ал бұрын ашылған орталықтар да жөнделеді. Жаңғырту тек залдарда орнын ауыстыруды ғана емес, сонымен қатар барлық дерлік жабдықтарды қазіргі заманғы және энерготиімді жабдықтарға ауыстыруды да көздейді. Сондай-ақ, компанияда ноу-хауды үдерістерге енгізуді, мысалы, сатып алушылар санын есептеу және жаңа кассаларды автоматты түрде ашу үшін жасанды интеллект мүмкіндігін кеңінен пайдалануды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024