Қазақстан үкіметі алдағы жеті жылда мал дәрігерлігін дамытуға 2 млрд еуро жұмсайды. Бұл туралы Халықаралық эпизоотикалық бюро семинарының барысында республикамыздың ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева хабарлады.
"Келер 7 жылда мал шаруашылығы саласына 2,5 млрд еуро қаржы бөлінеді. Мал шаруашылығының табысты дамуын қамтамасыз ету мақсатында нақты мал дәрігерлігіне мал дәрігерлік және фитосанитарлық қауіпсіздікті дамыту үшін алдағы жеті жылға 2 млрд еуро бөлінді", - деп мәлімдеді ол.
Осылайша жыл сайын мемлекет "мал дәрігрелігіне шамамен 150 млн еуро" бөліп тұратындығын нақтылады Г.Исаева. Бұл ретте "мал дәрігерлік қызметтің бақылап-қадағалаушы функция ретіндегі дамуы, сонымен қатар ауылдық жерлерде мал дәрігерлік іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік мал дәрігерлік үйымдардың дамуы қарастырылуда".
"Шикізат бағасы құлап жатқан кезде, Қазақстан үкіметі мал дәрігерлігіне бөлінетін шығындарды қысқартпады. Бұған қоса, Нұрлы жол бағдарламасына сәйкес осы жылы алдында жоспарланған қаржыға қосымша мал шаруашылығы мен мал дәрігерлік жүйесін дамытуға 53 млн еуро бөлінбек", - деді вице министр.
Ақпарат көзі: vlast.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024