Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - Синоптиктердің бастапқы болжамы бойынша, мамыр айында күн біресе қапырық ыстық, біресе қатты суық болады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Екінші онкүндіктің екінші жартысында күн қатты суытып, түнде қатқақ болады, арктикалық теңіздерден суық ауа массаларының келуімен солтүстікте, шығыста және орталықта қар жаууы мүмкін", — дейді "Қазгидромет" инженер-синоптигі Меруерт Сәкімова.
Ауа температурасы еліміздің солтүстік өңірінде түнде минус 2 — плюс 3 градусқа дейін төмендейді, күндіз +10+15 градус. Оңтүстік жақта түнде ауа температурасы +3+10 градус, күндіз +15+20 гардус жылы. Осы айдағы орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында климаттық мәнге жақын болады деп күтіледі. Ал еліміздің қалған аумағында нормадан 1°С-қа жоғары.
Дінмұхаммед Алдаберген
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024