
Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz – ТурСтат аналитикалық агенттігі 2019 жылдың мамыр мерекелерінде ресейлік туристер жиі саяхаттайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері қалаларының рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресейде мамырдағы мерекелік демалыстар 1-5 мамыр және 9-12 мамыр аралығында өтеді.
Мамыр мерекелерінде ТМД елдеріне турлар рейтингісінде Әзербайжанға, Беларусьқа және Қазақстанға туристік сапар көп жасалады.
Туристердің мамырда баратын ТМД қалаларының бірінші ондығына Әзербайжандағы Баку, Беларусьтегі Минск, Қазақстандағы Нұр-Сұлтан, Армениядағы Ереван, Қазақстандағы Алматы, Өзбекстандағы Ташкент, Қырғызстандағы Бішкек, Молдовадағы Кишинев, Тәжікстандағы Душанбе және Түркіменстандағы Ашхабад кірген.
ТурСтат дерегі бойынша, туристер ТМД қалаларына мамырда 3-5 күнге келіп, күніне тамақтану мен тұратын орын үшін $60-$120 қаржы жұмсайды.
Рейтинг мамырдағы турсапарлардың танымалдығына жасалған талдаманың нәтижесі бойынша құрастырылды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025