Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мамырда темір жолмен 20,2 млн тонна жүк тасымалданды

Мамырда темір жолмен  20,2 млн тонна жүк тасымалданды

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісімен мамыр айында жүк айналымы 18,3 млрд тонна-километрді құраса, тиеу 20,2 млн тонна болды, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Мамырда 6,8 млн тонна тас көмір тиелген (елдің ішінде – 4,6 млн тоннадан астам), 728 мың тоннадан астам астық тиеліпті, соның ішінде экспорт – 552 мың тонна.

Жыл басынан бері жүк айналымы 90 млрд тонна-километрді құрады.

«Транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 6,4 млн тоннаны құрады, соның ішінде контейнерлер өткен жылдың сәйкес кезеңіненен 43% артып, 233 мың ЖФЭ жетті»,– делінген ҚТЖ есебінде.

2019 жылдың 5 айында 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда локотивтің өнімділігі 2,8%, локомотивтің орташатәуліктік жүрісі – 2,4%, жұмыс вагонының орташатәуліктік айналымының уақыты – 3,6% және вагонның орташатәуліктік өнімділігі – 5,1% артқан.

Похожие материалы