Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - Кеше, 22 мамырда Лондондағы "Манчестер-Арена" стадионында жарылыс болды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Дүйсенбі күні кешке Манчестер орталығындағы поп-концертте жарылыс болды. Полиция болған оқиғаны теракт деп атады. Қазірге дейін 19 адамның қайтыс болып, 50 адамның жараланғаны белгілі.
Жарылыс Manchester Arena залында америкалық поп-әнші Ариана Гранде өнер көрсетіп жатқанда, түнгі сағат 22.30 шамасында болған.
Осыған орай Қазақстанның Лондондағы елшілігі қазақстандықтарға ескерту жасады:
"Құрметті қазақстандықтар, 22 мамырда "Манчестер-Арена" стадионында жарылыс болғаны мәлім. Манчестерде жүрген туыстарыңыз және достарыңызбен хабарласып, олардың қал-жағдайларын білуді сұраймыз. Жарылыстан зардап шеккен қазақстандықтар табылған жағдайда, оларға уақытылы жәрдем көрсету мақсатында ҚР-дың Лондондағы Елшіліктің Консулдық бөлімімен келесі нөмір арқылы хабарласуды сұраймыз - WhatsApp +44(0)7447470570", - делінген елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024