Алматы. 10 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың соңында Маңғыстау облысында 3 млрд теңгенің құс шаруашылығы кешені іске қосылады.
Түпқараған ауданы әкімдігінің хабарлауынша, нысанның құрылысы 2016 жылы басталды.
«Қазіргі таңда кешеннің жартысынан көбі салынып, 2019 жылдың соңында пайдалануға беріледі. Жобаның құны 3 млрд теңгеге бағаланып отыр», - деп қосты ведомствода.
Құс фабрикасының қуаты жылына 5 мың тонна тауарды құрайды. Дайын өнімнің ішкі нарықта сатылуы жоспарлануда.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024