Маңғыстау облысы. 14 қазан. 7kun.kz – Маңғыстау облысында көлік жарылған сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды 7kun.kz Lada-ға сілтеме жасап.
Оқиға Бейнеу ауылында болған. Көліктің жарылған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде хабарлағандай, Audi автокөлігінің тұтанғаны туралы хабарлама өрт сөндіру қызметіне 13 қазан сағат 14:38-де түскен.
«Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт 14:58-де сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен алты адам жұмылдырылды», – делінген хабаралмада.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024