2019 жылдың қаңтарында Астана әкімдігі өткізген кеңейтілген жиында қала әкімі қызметіне төрт ай бұрын кіріскен Бақыт Сұлтанов Астананың жиырма жылдығын қорытындылап, есеп берді.
Бір сөзінде Сұлтанов былай деді:
"20 жыл бұрын орташа жалақы 10 мың теңгеге де жетпейтін еді, қазір 230 мың теңгеден асады".
Естіген адам “20 жылда маңызды әлеуметтік көрсеткіш 23 есе өсті” деп қуанса керек-ті, бірақ тексеріп көрейік.
Үкім: Манипуляция
Біріншіден, екі онжылдықта болған инфляцияны, әлемдік қаржы дағдарысын, бірнеше девальвацияны ескерсек, Сұлтанов салыстырмайтын нәрсені қатар қойып отыр.
Екіншіден, қорытындысы 2019 жылы наурыздың 31-інде шығатын 2018 жылға қаңтарда есеп беру ертерек.
Үшіншіден, 2018 жылдың қорытындысы ашық деректерде әлі жарияланған жоқ. Статистика комитетінде жарияланған деректерде 2018 жылдың үш тоқсаны ғана қамтылған.
Статистика комитетінің дерегінше, былтыр Астанада орташа жалақы расымен 235 мың теңге болған. Бірақ 1998 жылғы деректерді Ұлттық экономика министрлігі де, бұрын Сұлтановтың өзі басқарған Қаржы министрлігі де жарияламаған.
Сонда да есептеп көрейік
Әкім айтқан 10 мың теңгені 1998 жылғы доллар курсына шақсақ, 478 доллар расымен жаман емес. Оның күнкөріс минимумына қатынасы шамамен 4,2 болады.
2008 жылғы деректер де жарияланбаған. Статистика комитеті жүргізетін “Қазақстан Республикасы аймақтарындағы орташа жалақы” есебі 2010 жылдан басталады.
Сондықтан он жылда емес, сегіз жылда орташа жалақы қалай өзгергенін салыстырып айта аламыз.
Астанада 2010 жылы орташа жалақы 98 574 теңге болды — бұл шамамен 666 доллар немесе күнкөріс минимумына қатынасы 6,6. Ал астаналықтардың әкім айтқан жалақысы былтырғы курсқа шаққанда (344,71) 667 доллар болған. Бұл — Астана тұрғындары сегіз жылда 1 доллар ғана көп таба бастады деген сөз. Дегенмен бұл жалақының күнкөріс минимумына қатынасы — 8,1.
Ақпарат көзі: factcheck.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024