Марғұлан Сейсембаев швейцариялық банктегі құпия есеп-шоты туралы ақпаратқа жауап берді
Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz - Өткен сенбіде бір топ қазақстандықтардың швейцариялық банктердегі құпия есеп-шоты табылғаны туралы ақпарат тараған еді. Nur.kz-тің хабарлауынша, жалпы сомасы 435,3 миллион долларды құрайтын құпия есеп-шоттарға 82 қазақстандық ие. Олардың ішінде белгілі бизнесмендер Марғұлан Сейсенбаев пен Тимур Қуанышев бар.
«БАТТ» корпорациясының басшысы Тимур Қуанышев бұл ақпаратқа әлі жауап берген жоқ. Ал, Марғұлан Сейсенбаев БАҚ-ның бұл жаңалығына фейсбукте берген жауабында мұның бос сөз екенін айтады.
«Журналистер бос әңгіме шығарып отыр. 2009 жылы менің швейцарияның Цюрихындағы HSBC Private bank-те жеке есеп-шотым болған. Ешқандай да құпия емес. Ресми. Ол осыған дейінгі өтіп, мен жеңіске жеткен барлық сот процесінде ашық айтылған. Менің жасыратын ештемем жоқ. Ешқашан мемлекеттік органда жұмыс істеген емеспін. Ешкімге ештеме қарыз емеспін. Менің барлық ақшам заңды, адал, бұл жерде ешқандай құпия жоқ», - деп жазды бизнесмен.
БАҚ таратқан ақпаратта швецариялық банктердегі 200 елдің азаматтарының құпия есеп шоты бар. Олардағы жалпы қаражат көлемі 119 миллиард доллар. «Құпия есеп-шот ашудағы басты мақсат: табысын жасырып, салықтан жалтару», - дейді БАҚ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024