Марат Омаров Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік басшысы болып тағайындалды
Астана. 11 сәуір. 7kun.kz - Бүгін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ жаңа басшысы лауазымына Марат Омаров тағайындалды.
Марат Талғатұлы Омаров 1988 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген. Еңбек жолын Лондон қаласында (Ұлыбритания) "Digiet Limited" IT компаниясында бизнес-сарапшы болын бастаған (2009).
Кейінірек "Digiet Limited" IT компаниясының коммерциялық директоры (2010-2012), ҚР Экономикалық даму және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі (2012-2014) және ҚР ҰЭМ тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары (2014-2016) лауазымында қызмет еткен.
2016 жылдан бүгінгі тағайындауға дейін «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры болған. Ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген. Әлеуметтік ғылымдар магистрі. 2017 жылы Стэнфорд бизнес мектебінде «Инновациялар мен кәсіпкерлік» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен.
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ 2003 жылы инновациялық даму үрдісін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру мақсатында құрылған. 2013 жылы агенттік «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кірді.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024