Ресейлік теннисші Мария Шарапова Forbes журналының нұсқасы бойынша, 11 жыл қатарынан әлемнің бай спортшысы атанды. Басылым құрастырған ең дәулетті жүз спортшының тізімінде бар болғаны екі әйел бар.
Аталған тізімде Шарапова 26-орынды иеленеді. Соңғы жылы ол 29,7 млн доллар тапты, олардың 6,7 млн доллары турнирге қатысқаны үшін сыйақылардан, 23 млн доллары жарнамалық келісім-шарттар арқылы алынған. Теннисші - тізімдегі жалғыз Ресей өкілі. Шараповадан бөлек рейтингтегі тағы бір әйел спортшы Серена Уильямс 24,6 млн доллармен 47-орынға жайғасты. Рейтинг басында өткен жылғыдай америкалық боксшы Флойд Мейвезер орналасты. Бір жыл ішінде ол рингтен 285 млн доллар тапқан, жалпы дәулеті 300 млн доллар құрайды. Екінші орында оның бәсекелесі, әлемнің ең үздік боксшы атағы үшін таласқан филиппиндік Мэнни Пакьяо. Ол екі есе аз яғни 160 млн доллар қаржы тапқан. Ең бай спортшылардың үштігін 79,6 млн долларымен португалдық футболшы Криштиану Роналду қорытындылайды. Тізімдегі ең жас спортшы ретінде испандық "Барселонаның" шабуылдаушысы, 23-жасар бразильялық Неймар тіркелді. Өткен жылы ол 31 млн долларға ие болған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024