Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Марк Цукерберг 2017 жылы жеке қауіпсіздігіне 7,3 млн доллар жұмсады

Марк Цукерберг 2017 жылы жеке қауіпсіздігіне 7,3 млн доллар жұмсады
Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz - Facebook-тың негізін қалаушы Марк Цукерберг 2017 жылы жеке бас қауіпсіздігіне 7,3 млн доллар қаржы жұмсады деп хабарлайды Reuters. Миллиардер Марк Цукербергтің 2017 жылы Facebook-тегі компенсациясы 53,5 пайызға дейін өсіп, 8,9 млн долларды құрады. Бұл қаржының 83 пайызы Цукербергтің жеке қауіпсіздігі үшін жұмсалса, қалған бөлігі жеке ұшақтарға кеткен. 2017 жылдың басында Цукерберг көп уақытын Американы саяхаттауға бөлетіндігін айтқан еді. Айта кетейік, Цукербергтің Facebook-тегі базалық жалақысы 1 долларды құрайды.

Похожие материалы