Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Марк Цукерберг бір тәулікте 6 млрд доллардан айырылды

Марк Цукерберг бір тәулікте 6 млрд доллардан айырылды

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – CNBC мәліметтері бойынша, Facebook-тың акциялары 19 наурызда 8% құлдырады. Бұл  Cambridge Analytica-ның 50 млн-нан астам адамның мәліметтерін келісімсіз пайдаланғаны салдарынан болуы мүмкін, деп хабарлайды РБК.

Нәтижесінде Цукерберг 6,06 млрд доллар жоғалтты, бірақ соған қарамастан, әлемдегі ең бай адамдардың тізіміндегі төртінші орынды сақтап қалды. Оның алдында тізімді Джефф Безос, Билл Гейтс және Уоррен Баффет бастап тұр.

Facebook Cambridge Analytica-ның әрекетіне еш қатысы жоқ екендігін айтқан болатын.  Яғни аталған ұйымға клиенттерінің жеке мәліметтерін бермедік деді.

Ал бұл жанжал туралы америкалық саясаткерлер жағымсыз пікір айтып отыр. АҚШ Демократиялық партиясының өкілі, сенатор Марк Уорнер  Facebook-тың саясаты "Жабайы Батыс" кезіндегі дәуірді еске салады, деп атап өтті.

Бұл даудың салдарынан Facebook-тың қауіпсіздік бөлімінің басшысы Алекс Стамос  қызметінен кететіні хабарланды.

Похожие материалы